«Nude» стилі трендте! Биылғы жаздың басты бьюти тенденциялары қандай?

Сообщить о проблеме с эфиром

Париж, Милан, Нью-Йорк пен Лондон подиумдары биыл неғұрлым жарқын түстермен боянуды ұсынды. Тіпті, драйпинг техникасын әкеліп, 80-ші жылдардағы мэйк-аптың жаңарған түрлерін қолданысқа енгізді. Көзді алуан түрлі қаламмен сызып, еңлікті қасына дейін көтеріп, тым ашық өңді бояумен әрлеуге кеңес береді. Алтын немесе құлпынай түстес реңктерді көбірек қолдануды ұсынады. Бірақ, мұндай мэйк-ап кез-келгеннің көркін келтіреді деу әбестік.

Диля Абдуллаева, халықаралық дәрежедегі визажист: -Жарқын түсті көз бояулары жас қыздардарға ғана жарасымды. Біз егде тартқан әйелдерге де қолданып көргенбіз. Бірақ, үйлеспеді. Табиғи сұлулықты айшықтай түсетін «Nude» үлгісіндегі макияждың маст-хэвке айналғанына бірнеше жыл. Биыл да, стробинг сәнде. Тек, бетті барынша жылтырататын бояулар қосқан дұрыс,– дейді мамандар. Диля Абдуллаева, халықаралық дәрежедегі визажист: -Бұдан соң, жылтырып тұрған бет тренде. Ол үшін хайлайтер, бронзаторлардың көмегіне жүгіну қажет. Анатолий Шмит, халықаралық дәрежедегі визажист: -Әдемі, сау бет терісі – әрқашан тренде дер едім. «Ню» стиліндегі мэйк-ап арқылы балғын келбетіңізді әрлесеңіз жеткілікті. Жарқын түстерді қолдану подиумдағы модельдерге жарасымды. Дегенмен, табиғи макияжды жасау техникасы тым қиын. Сондықтан, әуелі меңгеріп алғаныңыз жөн. Сүрмелерді айқын сызып, тіпті қабаққа түрлі сурет салып алу да артықтық етпейді. Бьюти өндіріске осы маусымда енген тағы бір жаңашылдық бұл. Айым Сейтметова, актриса: -Еріннің астын қақ бөлу! Блестящий подводкамен немесе ақ карандашпен. Қасты да тым қиғаш қылғандай, түп-түзу бояудың қажеті жоқ. Қатты қалыңдату да жөнсіз. Табиғи қалпына сәл ғана қара реңк беріп, ретсіз қалдыру қажет.