«Тоғысқан тағдырлардың» жұлдыздары қайда жүр?

Сообщить о проблеме с эфиром

Венера Нигматуллина мен Ирина Ажмухамедовалар – модель! «Тоғысқан тағдырлардың» жұлдыздары қайда жүр?

Кейт Уинслетпен бір кезеңде көрерменіне танылған Венера Нигматуллина, Ирина Ажмухамедова, Гүлнар Дусматова мен Жанна Қуанышевалар бүгінде үлкен экраннан сирек көрінеді! Бұл оларға деген сұраныстың саябырсығаны ма?! Актрисалар қайда кетті? Біз анықтап көрдік.

Олар – Мадина мен Камила Умаровалар! «Тоғысқан тағдырлардың» ең залым кейіпкерлері, хас жаулар! Венера Нигматуллина мен Ирина Ажмухамедовалардың достығына бұл сценарий еш әсер етпеген. Бомонд бас қосқан кештерде бірге жүреді. «Сырлас әрі мұңдаспыз», - дейді актрисалар.

Венера Нигматуллина киноға деген шақыртуларды сұрыптап, тек беделіне сай келетіндеріне ғана мойын бұрады. Театр сахнасында өнер көрсетумен ғана шектеліп қалған Ирина Ажмухамедова керісінше режиссерлердің ұсынысына жиі елеңдейді.

Ирина Ажмухамедова, актриса: – Әртіс жобадағы екінші адам! Сондықтан, түсірілімге шақырса шет қалмауға тырысамын.

Актриса 20 жыл бұрынғы «Тоғысқан тағдырлырлардағы» бейнесі сақталып қалғанымен мақтанады! Әлі қартаймағанына жұрт жиі таңданыс та білдіреді.

Ирина Ажмухамедова, актриса: –Бірегей жанмын! Осы жасқа дейін мінсіз мүсінімді де сақтап келемін. Бір жерге бара қалсам, бәрі маған ас-ауқат ұсынады! Мұны қошемет деп қабылдаймын.

Ал, Венера ханым кино және телевизиялық жобаларға продюсерлік етіп, ұйымдастыру істерімен кадр сыртында жиі жүретін болған.

Венера Нигматуллина, актриса: - Мақалаларымды оқыған жандар үнемі хабарласып, сіздің кітабыңызды қайдан сатып алуға болады деп сұрайды. Осыдан кейін, кітап шығаруым керек деп шештім.

Әріптестері Жанна Қуанышева мен Гүлнар Дусматовлардың да үлкен экраннан көрінетін сәттері сиреп барады. Соңғы рет, екеуі де Ақан Сатаевтың «Районы» фильміне түскен-ді. Негізінд Жанна кинопродюсерлікпен, Гүлнар тележүргізушілікпен айналысады.