Сүйіктісіне күйеуге шыға алмай қалған Бритни Спирсті қолдаушылар, желіде флэшмоб бастады

Сообщить о проблеме с эфиром

MTV Video Music Awards-тың үміткерлері қатарында Бритни Спирстің ізі де жоқ. Шығармашылық тоқырауы былай тұрсын, сылқымның жеке өмірі жайсыз хәлде! Сүйіктісі Сэм Асгари оған үйленуден бас тартқан. Әншіге жаны ашыған жанкүйерлері болса, #БайқұсБритни хэштегімен қолдау флешмобын бастады.

Сэм Асгари шаңырақ көтеріп, өмірге маңызды қадам жасауды әлі тым ерте деп тауыпты. 36 – ға келген Бритни болса, керісінше некелерін қидырып, махаббаттың отын жар атанып маздатқысы-ақ келген. Қазір бұл армандар тек естелік! Осыдан соң, әнші күйзеліске түсіп, бәз баяғы қалпына қайта орала ма деп жанкүйерлері жүрексінеді. Олар флешмоб арқылы кумирлеріне демеу білдіріп, тілеулестік танытуда.

Бритнидің кезінде есі кеткені соншалық, шашын тақырлап алып тастағаны көптің әлі есінде. Кейт Хадсон да қолаң шашын түгел қырып, жұртты шошытты. Дегенмен, бұл актрисаның жүйкесі сыр берді деген сөз емес! Ол жаңа картинаның түсіріліміне даярланып, осындай образға енген.

Ирина Шейк болса папараццидің толассыз «шабуылынан» әбден мезі болғандай. Камера нысанасына ілігуден қорыққан сәнбике, жаялықты басына бүркей қашқан. Дегенмен, кішкентай Леа да, Иринаның өзі де таспаға түсті.

Папарацци бір сәтке де мүлгімейді! Бұл жолы олар Ванкуверде жүрген Джонни Деппті таспаға тартып алды. Ұзақ үзілістен соң, актердың жаңа түсірілім жұмыстары басталған-ды. Сері «Ричард говорит до свидания» комедиясында ойнауда.