Сәкен Майғазиев әртістерді кінәлап, күйе жаққандармен күреспек!

Сообщить о проблеме с эфиром

Қоғамда қозғалған өзекті мәселелерге өзіндік пікірін айтып, белсенділік танытатын Сәкен Майғазив, бұл жолы өнердегі әріптестеріне араша түспек. «Музарттық» әнші музыканы мамандық, әртісті адам деп санамайтындардың енді мысын басуға бел буыпты.

 

Сәкен Майғазиев, «Музарт» тобының әншісі:

-Осыдан бәленбей жыл бұрын, жұрттардың түсінігінде өнер адамдары сондай бір араққұмар, темекі шегетін нашақорлыққа жақын, болмаса жаңағы жеңіл жүріске дайын деген пікірлердің қайдан пайда болғанын білмеймін.

Иә, Сәкеннің сөзінің жаны бар! Бұл түсінік бұрыннан қалыптасқан. Мәселен, Жанна Орынбасарова өнер жолына бет бұра бастаған сәтте, әкесі талай мәрте тосқауыл қойған көрінеді. 

Жанна Орынбасарова,  әнші:

-Әртіс боламын деген кезде, әрине менің әкем қарсы болған. Жоқ, сен инженер боласың, құрылысқа барасың, менің жолымды қуасың деген ойлар болды. Қарсы болды кәдімгідей...

Бала Айқынның музыкаға аңсары ауғанда, әншінің отбасында мұндай мәселе туындамаған. Өйткені өнер иесінің өз әкесі ақын, сатирик болса, кезінде анасы сауық-кештердің шырайы болған деседі...

Айқын Төлепберген, әнші:

-Әртіс болма деген сөз біздің жанұяда емес шығар. Басқаларда айтылатын шығар. Бізде әртіс болсаң мықты боласың деген сөздер болатын.

«Замынан сай адамы! Бүгінде санамызға сіңген бұл стеротип бұзылды», - дейді Маржан Арапбаева. Оның сөзінше, әншілік өнер – кез-келген жанның басына бұйыра бермейтін бақ.  

 Маржан Арапбаева, әнші:

-Өнерге адамның өмірі байланысты болса ол өте керемет. Өйткені, ән салу менің ойымша үлкен бір мамандық. Әнші болу ол бір жеңілтек ретінде неғұрлым олай қарауға болмайды. Адамның бойындағы қасиет қой шыны керек.