Продюсерлер арасында қызу пікірталас! Әлеуметтік желі жоба жетекшілеріне қаншалықты қажет?

Сообщить о проблеме с эфиром

«Инстаграм - өнер адамдарының құпиясын түгелдей ашатын әлемге айналды», - дейді Назгүл Қарабалина. Сондықтан, «Алашұлының» жетекшісі күні бүгінге дейін ешбір желіге тіркелмеген. Ал, продюсердің бұл ойына, әріптестері кереғар пікір білдіріп, наразылық танытуда... 

Назгүл Қарабалина, «Алашұлы» тобының продюсері:

-Онымен елдің миын ашытқым келмейді. Менің қалай өмір сүретінім, менің күйеуіммен қандай әңгіме бар екенін, баламмен қай кезде ойнап-күлетінім, ол менің жеке басымның шаруасы. Жалпы, менің түсінігімде өнер адамы кішкене құпия болуы керек.

Қайрат Нұртастың продюсері, Қарабалинаға қарама-қарсы пікірде. Гүлзира Айдарбекованың айтуынша, халықпен тығыз қарым-қатынаста болу табысқа жетудің таптырмас жолы. 

Гүлзира Айдарбекова, продюсер:

-Халықпен жақын болу үшін, маған өте керек мысалға. Өйткені, қандай жағдай болмасын оқырмандар бақыт тілеп, жолың болсын деп солардың айтқаны қабыл болады. Сондықтан да, мен өзім халықпен жақын араласқанды жақсы көремін, ойымды бөлісемін.

Алтынбек Рахметов әлеуметтік желілердің барлығында белсенді. Сондықтан, азулы продюсер әріптестерінің заман талабына сай болуға шақырады. 

Алтынбек Рахметов, продюсер:

-Әр продюсерде бүкіл әлеуметтік қандай желілер бар, сол жерде отырып, өзінің жобаларын жарнамалау үшін ол қажет. Әлеуметтік желі ол заманның талабы ғой негізі. Болуы керек.

Назгүл Қарабалина , «Алашұлы» тобының продюсері:

-Жасап жүрген әрекетім қате шығар деп ойлаймын негізі. Себебі, продюсер олар туралы айту керек, қызықтау керек. Бұларды білу керек деген сияқты. Негізі мен ашуым керек парақша.

Назгүл ханым жуырда бір тоқтамға келіп, шешімін қабылдар! Қарабалина әлеуметтік желілерде парақшасын ашса, күткен оқырмандары таласа тіркелмек.