Сон Паскаль мен Молдазанардан тың трек! Ғалымжан, италиялық аудиторияны қамтудың қамына кіріскен бе?!

Сообщить о проблеме с эфиром

Соңғы уақытта, Молданазардың шет елдік музыканттармен жұмыс жасауға шабыты оянғандай. Күні кеше Иван Дорнмен дуэт жазатынын жариялаған Ғалымжанның, енді Сон Паскальмен бірігіп түсірген бейнебаяны жарыққа шықты.  

Қазақ баласы мен Италия азаматының шырқаған әні «All Махаббат» деп аталады. Музыканттар клипке бірнеше локация іздеп әуре-сарсаңға түспеген. Түсірілім жұмыстары дыбыс жазу студиясында өтіпті. Жаңа видеода Паскаль күйсандықта, Молданазар гитара аспабында ойнайды. Ал, қос дауыста орындалған тың трек әдемі үйлесім таба білген.