«Найнти уандық» мемберлердің біз білмейтін тұстары қандай?

Сообщить о проблеме с эфиром

«Найнти уандықтарды» жаңашылдыққа жаны құмар жігіттер ретінде танимыз. Алайда, Alem «Қағаз кемедегі» Ерден сынды қазақ әндерін жатқа білетінін айтып қалды. Мембердің біз білмейтін тағы қандай қырлары бар?

«Alem»,  «Ninety one» тобының мембері:

-Қаншалықты Ерден мен менің ішкі дүнием сәйкес келеді? Меніңше, мүлдем мүлдем басқа.

Табиғаты бөлек болғанмен, «Қағаз кемедегі»  Ерден мен Alem-нің арасында ортақ ұқсастық бар. Ол - өнерге деген махаббат.

Alem», «Ninety one» тобының мембері:

-Ерденге емес, маған келсек, гитарада фортепиянода ойнай алам. Себебі, мен домбыра мектебін жеті жыл бітіргенмін. Ал, гитара мен фортпеианода жалпы курс алдым.

Телехикаядағы Alem-нің орындауындағы Абай әні, барлық иглздың есінде болар. Кью-поп орындаушысы, қазақтың халық әндері жаныма жат емес, оны балалық шақтан жаттап өскенмін дейді.

«Alem», «Ninety one» тобының мембері:

-Әрине, бәріміз кішкентай кезімізден сол, үйге қонақтап келгенде туысқандар, ата-аналар, ата-әжемізбен бірге сол әндерді айтып өстік. Құлақта қалып қоятын әндер. Абайдың әндері, Шәмшінің әндері. Тағы көп қазақ халық әндерін.

«Қағаз кеме» телехикасының алдағы бөлімдері қандай тосын оқиғаларға толы болмақ?

«Alem», «Ninety one» тобының мембері:

-Болашақта мен үшін Ерден ұнай бастайды. Себебі, Ерденде толықтай трансформация болуы мүмкін. Болып та жатқан сияқты. Бірақ, қалай оның жеке өмірі болатынын, сіздер тек сериалды бақылап көре аласыздар.