Форбс басылымы дәулетті рэперлер тізімін жариялады.

Сообщить о проблеме с эфиром

Форбс журналы шоу-бизнестегі ауқаттыларды анықтауға кірісіп кетті. Танымал басылым, әлемнің ең бай хип-хоп орындаушыларының тізімін жариялады. Сонымен, 2017 жылы аянбай тер төгіп, күреп ақша тапқан қай рэпер?

Бейсонсенің асыл жары – ең еңбекқор азамат. Форбстың есебімен Джей Зи 2017 жылы 900 миллион долларға қалтасын қампайтып, ең табысты рэпер деп танылды. Бұл оның хип-хоп орындаушы ретінде дәулеттілер тізіміне ең алғаш рет енуі.

Ал, Джей Зидің бүгінде басты бәсекелесі Шон Комбс болып отыр. Өзін Дидди деп атаған рэпер, 825 миллион доллар байлық жинаған.

Еске салар болсақ, өзінің лақап атын бірнеше рет өзгерткен музыкант бұған дейін де, әлемнің ең табысты өнерпазы ретінде танылған болатын.

Ал, үздік үштікті хип-хоп орындаушы Доктор Дре түйіндеп тұр. Оның осы жылы жинаған қаржысы 770 миллион долларды құрайды.

Сондай-ақ, ауқатты өнерпаздар бестігінің қатарынан америкалық рэпер Эминем мен канадалық Дрейк те табылды.