Уил Смиттің ұлы тағы бір трэк ұсынды.

Сообщить о проблеме с эфиром

Музыка әлемі де ыстығы басылмаған, тың туындылармен толығуда! Мәселен, Уил Смиттің ұлы Джейден жанкүйерлерін жаңа трэкпен қуантты. Жас өнерпаз әкесінің әншілік жетістігін қайталауға ниетті көрінеді.

Джейден Смитті бүкіл әлем ең алғаш «Бақыт жетегінде» картинасы арқылы таныған еді. Онда ол, әкесімен бірге басты рөлді сомдаған болатын. Енді, міне араға он жыл салып, жас жігіт музыка саласында да бағын сынауда. Джейденнің жанкүйеріне ұсынған су жаңа трегі - «Back On My Shit» деп аталады.

Жарық көрген тың трек сондай-ақ, жасөспірімдерге арналған «Скейт-китчен» картинасының саундтрегі ретінде таңдалған көрінеді.

GoldLink лақап атымен ел арасында етене таныс Д'Антони Карлос болса, бір оқпен екі қоянды атқысы келгендей. Жаңа толқын тыңдарманының сүйікті рэпері «Got Friends» трегін бейнебаянмен бірге халық назарына ұсынды.

Ал америкалық рэп орындаушы Young Thug әріптестеріне қарағанда, жанкүйерлеріне бірден мини-альбом сыйлауды жөн көріпті. «On the Rvn» жинағы су жаңа алты әннен құралған. Оның ішінде, жас өнерпаздың Элтон Джонмен орындаған ортақ туындысын да тыңдай аласыз.