Ethno 5 тобы

Сообщить о проблеме с эфиром

Ethno 5 тобы қазақтың төл аспаптарына заманауи үн қоспақ. Талантты жастардан құралған бэнд, өзінің жаңа бейнебаянын да ұсынды. Кәсіби музыканттар шоу-бизнесті бағындыра ала ма?

Қазақтың төл аспаптарында ойнайтын осы бес өнерпаздан құралған топ -«Ethno 5» деп аталады. Талантты жастар дәстүрлі музыканы дәріптеп, оны жаңа бағытқа бейімдеуге көп күш жұмсаған.

«Ethno 5» тобы:

-Этно-поп жанрының жаңа бір лебімен келген сияқты ойлаймыз өзіміз. Кішкене осы қазақтың төл аспаптарын барлығын жинап және оған бір кішкене заманауи үн беру. Осы жанр арқылы, заманауи өлеңдермен қатар жүретін бір аудитория жинаймыз деген ойдамыз.

Құрманғазы атындағы қазақ ұлттық консерваториясында білім алып жүрген жастар, бала күндерінен түрлі аспаптарда ойнайды. Әннің сөзін де, музыкасын жазатын да өздері. Ал топтың вокалисі – Нұркен Слан.

Талантты өнерпаздар таяуда «Жанна» трегіне жаңа бейнебаян ұсынды. Музыкаға аса назар аударатын жастар, бұл туындыны ұлттық аспаптармен сүймелдеп шыққан. Ал, әуеннің өз шығу тарихы да бар екен.

«Ethno 5» тобы:

-Бұл болған оқиға деп айтсақ болады. Сол казіргі жастардың ең, қарқынды дамып жатқан, инстаграм желісі бар, сол жақтан бір Жанна деген қызды көріп шабыт алып, хоббимен шыққан ән.

Жастық жалынмен шабыттанып жүрген өнерпаздардың басты мақсаты – әлемге қазақтың ұмыт қалған ұлттық аспаптарының үнін естірту. Өнерге өзгеше жоспармен келген «Ethno 5»\Этно файв шоу-бизнесті осылай бағындырмақ.

«Ethno 5» тобы:

-Ethno 5 арқылы осы біздің қазақ халқына, кәзіргі жастарға өзіміздің қазақтың төл аспаптарын насихаттап, осындай бір қазақ өнеріне өз үлесімізді қосқымыз келеді.