«Талқандаушы» картинасы жарыққа шығады

Сообщить о проблеме с эфиром

Киносүйер қауым «Патруль» сынды, Николь Кидман басты рөлді сомдаған «Талқандаушы» картинасын да тағатсыздана тосып жүр. Себебі, көрерменді «Оскар» иегерінің танымастай өзгерген келбеті қызықтыруда. Енді, міне аталмыш лентаның режиссері туындының алғашқы трейлерін ұсынды.

Жаңа лентада Николь Кидман Эрин Белл есімді тыңшыны сомдайды. Жұмысы үшін полиция қызметкері атанған ол, қылмыстық топтың құрамына кіруі тиіс. Батыр бикеш жаңа кейіпке еніп, бұрынғы жауынан өш алмақ болады.