«Суспирия» картинасы несімен ерекше?

Сообщить о проблеме с эфиром

Табыстылар тізіміне енуге «Суспирия» картинасы да әзір! Лос-Анжелесте үрейлі оқиғаға толы фантастиканың тұсауы кесілді. Көптен күткен премьераға «Оскар» иегері Тильда Суинтон мен Дакота Джонсон да қатысқан еді. Қос актриса су жаңа лентада басты рөлде.

Дакота Джонсон, актриса:

-Туындыда Тильда қатарынан үш тұлғаның рөлін сомдайды. Фильмнің соңындағы Клемперер атты кейіпкер екеуіміздің сахнамыз өте ерекше шыққан. Сол сәтте әсерленгенім сонша, өзімді бұл оқиғаның бір бөлшегі ретінде сезіндім.

Фильмнің сюжет желісі Берлинге қоныс аударып, әйгілі би труппасына жаңадан қосылған арудың оқиғасын баяндайды. Өнер студиясына келген ол, ешкім естімеген тылсым күштерге тап болады. Ал, зұлымдықтың құрсауында қалған Сьюзидің бастан кешкенін, отандық көрермен қарашаның 29-нан бастап үлкен экрандардан тамашалай алмақ.