Қуандық Шәкіржановтың некесіз туылған қызы бар!

Сообщить о проблеме с эфиром

Сымбат Сағындық, @symbat_sagyndyk

Балтабек, Балтабек тыныш жүрмейсің бе? Кубада, кеңес әскерінде қызмет қылып қана қоймай, сол жақтан қызды болып қайтқаныңды да білмейсің. Саманта сені іздеп жүр!

Бұл «Менің қара қызым» толықметрінің сюжеттік желісі. Басты рөлдегі Қуандық Шәкіржанов осыдан 30 жыл бұрын кеңес әскері сапында Куба қызмет қылған. Ал қазір сол жақта туған қызының барын білмей өмір сүріп келеді.

– Кімдерді ойнайсыздар? Түсірілім жұмыстары қалай жүріп жатыр?

Қуандық Шәкіржанов, актер:

– Біз Жанатбек, мен, Руслан деген ағаларың үшеуіміз кезінде Кеңес Одағында Кубада служить еткенбіз. Әскерде бірге болғанбыз. Сол жерде бір шытырман оқиға болады да. 30 жылдан кейін осындағы әңгіме қозғалып, сол жайында.

Балтабектің жан досын – Жанатбек Бәйтеков ойнайды. Бәйтеков түсірілім алаңына енді қадам басып жатқанын айтады.

Жанатбек Бәйтеков, актер:

– Бір қуантарлық жағдай кәдуілгі профиссионалды әртістермен бір площадкада жұмыс істеу өте жақсы ғой. Кино әлеміне енді-енді қадам басып жатырмыз. Бәрі сәтті болады деп ойлаймын.

- Аға, нешінші толықметріңіз бұл?

- «Қасым ханға» эпизодтық рөлге түстім. Одан кейін бір толықметрге түсіп қойдым. Ол ендігі жылы көрсетіледі дейді. Мынау үшінші...

– Жалпы өздеріңіз қай елде, қайда служить еттіңіздер?

Қуандық Шәкіржанов, актер:

– Мен енді морякпын ғой. Подводникпін. Солтүстік мұзды мұхиттың астында болдым.

- Сіз ше?

- Сол мұзды мұхиттың үстінде жүргем мен. Мен енді әскерге барған жоқпын.

- Барам, барам деп неше рет талпынды. Бірақ болмады. Кубадан бір-ақ шықтық дейсің ғой.

Қуандық Шәкіржановтың яғни Балтабектің кинодағы қызын – Фариза Ескермес ойнайды. «Әкемнің кесірінен тағдыр дайындаған тосынсыйлар оңайға соқпайды. Шиеленсі оқиға»,-деп қысқа қайырды.

Фариза Ескермес, актриса:

– Мен жалғыз қызымын. Бір тал қызы.

- Некелі қызы.

- Сөйткен кезде ар жағында тағы бір сюрприз тұрады ғой. Бірақ оны айтпаймын енді. Көрермен өздері көріп, кино шыққан кезде қызық енді оқиға.

Қуандықтың кубалық қызын, Самантаны – Фатима Кулибали ойнайды. Фатима қазіргі таңда қазақ тіліне барынша ден қойып, үйреніп жүр екен.

– Дәл қазір актерлар дайындық үстінде. Осылай тез-тез сұқбат жазуыма тура келіп тұр. Фатима сізді көргеніме өте қуаныштымын. Мен негізі Фатимаға сұрақты қазақша қойып, аудармай отырмын. Бірақ ол түсініп отыр. Қазақша үйреніп жүрсіз бе?

Фатима Кулибали, актриса:

– Конечно, конечно. Мен... «Аппақ келін» снималась.

- Қандай сөздер білесіз?

– Мен түсінем бәрін.

- Неге мен онда қиналып орысша сөйлеп жүрмін.

- Білмеймін.

Сымбат Сағындық, @symbat_sagyndyk

Балтабек қара қызымен қауыша ма? Өзінің некелі жары мен балалары бұған не дейді? Ойда жоқта пайда болған Самантаның жайы енді не болмақ? Оқиғаның соңын, келер жылы үлкен экрандардан білеміз.