Baby boom 2025! Биыл қай отандық жұлдыздар әке атанды?

Сообщить о проблеме с эфиром

Көптен күткен ұлы той! Биыл 10 жыл сәби иісін аңсаған Елдос Колобок әке атанды. Бұл тек Қадірхановтар әулеті емес, бүкіл қазақ жұмыла күткен перзент десек артық айтқанымыз емес.

Елдос Қадырханов, блогер, кинопродюсер:

Күшті екен бұл сезім. Қаншама жылдық қайғымызды ұмытып қалдық. Бірнеше күн ұялы телефонда алған жоқпыз. Балапанымыздың бетіне қарап, маңдайын иіскеп отырдық. Әр қазаққа жұғысты болсын.

 

Ел күткен сәбидің перзентханадан шыққан сәтін ескерусіз қалдыра алмадық. Сондықтан микрофон мен камераны жетектей жеттік.

Елдос Қадырханов, блогер:

Сәтті пайдаланып, ұл сыйлағаныңа рақмет демей тұрып: осы сынаққа шыдағаныңа, менімен бірге осы жолды жүріп өткеніңе рақмет...

 

Қайрат Нұртастың да отбасында сәби сыңғыры естілді. танымалдар айырылысты деген қауесет желіде желдей тараған уақытта Жұлдыз Абдукаримова бесінші перзентіне жүкті екенін мәлімдеп, көпшілікті қуантқан еді.

Жұлдыз Абдукаримова, актриса, Қ. Нұртастың жары:

Көбіне жұлдыздар жасырып жатады ғой. Сіз жасырмауды жөн көріпсіз. Не үшін? Оған не себеп болды?

Маған салса, жасырар едім. Бірақ көшеге шыға алмай қалдым. Мен көшеге шыққан кезінде барлығы бір біртүрлі қарап тұрған сияқты. Енді барынша тырыстым жасыруға.

 

Осылайша ең әдемі шағындағы алғашқы эксклюзивті сұхбат НТК-ның қоржынына бұйырды. Жоспарланбаған жүктілігі жайлы ашық айтқан Абудкаримованы сол сәтте сынағандар аз болмады.

Жұлдыз Абдукаримова, актриса:

Күтпеген жерден, әрине. Оны мен де мүлдем ойлаған жоқпын. Естіген кезде әрине қуандым. Менің алда өздеріңіз білетіндей 4 балам бар. Енді бесінші баланы да қуана-қуана қабылдаймыз. Бергеннен кейін тастамаймыз.

 

«91» тобының мембері Асе-те сүйіншілетті. 2025 өміріне қос қуаныш сыйлады. Алдымен неке қиып отау құрды, кейіннен әке атанып, жаңа статусқа кенелді. Қызды болған музыкант кестетігеріне есім іздеп біраз сабылған еді.

Асе, «Ninety One» тобының мембері, музыкант:

Мысалға, Еуропада күшті ат бар ше негізі. Әдемі естеледі негізі. Қызға қойылатын Мэр-се-дес есімі бар мысалы. Сосын ойланызшы біздің Қазақстанда Мерседес болып кетеді ғой.

Алып тастағаныңыз дұрыс болған екен. Иә, сол. Өзіңіз сұрайсыз да өзіңіз де күлесіз.

 

Сұхбат берген Асе-ті біраз сынаған ек. Музыкант тапсырмадан мүдірмей өтті. Жаңа статусына тыңғылықты дайындалғанын аңғару қиын емес.

Асе, «Ninety One» тобының мембері, музыкант:

Перзентханаға бармас бұрын алдын-ала сөмке және қажет заттар дайындайды ғой. Осындай жұмыстарға Ace қаншалықты ат салысты?

Мен өзім барлық жағынан хабардармын. Қандай жабдықтар қажет екенін барлығын ат салысып, терминдерін жаттап алдым.

.

Ал Айқын Төлепберген енді көпбалалы әке. Жары Жұлдыз Өмірғали қыстың алғашқы күні кестетігер дүниеге әкелді. Төлепберген-тегі қызына Ару деген есім таңдаған екен.

Айқын Төлепберген, әнші:

Бесінші балаға дайындық керек емес, жүре бересің. Негізі, көпбалалы әкелерге жоқ па ешқандай көмек? Қалжын ғой, негізі. Балаларымның барлығы түрлі үйірмелерге барады. Әрқайсысы екеуден. Мемлекеттен барып, әкімшіліктен жәрдем алуға болады екен. Бірақ, мемлекетттен ештеңе сұрамаймын!

 

Тізімде Аkha мен Аиша, Айжұлдыз Адайбекова мен Сакен Қағаров та бар. Ал келер жылы блогер Арчибальт пен жары Замира сүйіншілетпек. Айта кетейік, Дайрабаеваның айы-күні жақындаған келіні мен ұлы ата-ана атанатынын желіде хабарлаған еді. Не дейміз, әр шаңырақта сәби сыңғыры үзілмесін.