Жобада дәстүрлі түрде өтетін «Мисс Сезім Бағы» байқауы биыл да жалғасын тапты. Сайыстың 4-кезеңінде қатысушы қыздардың шеберліктері сыналуда. Арулар өз қолдарымен көйлік тігіп, дефиле жүріп өтті. Оларға баға беретін әділ қазы алқалары да сақадай сай.
Айнұр Ілиясова, әділқазы алқасы:
– Қыздар әбден дайындалған екен. Әрқайсысының өзінің қолтаңбасы бар.
Мұхит Сапарбай, әділқазы алқасы:
– Бұл енді байқау болғаннан кейін міндетті түрде бұл жерде жеңіске жететін, жеңілетін у да болады, ду да болады бұл жерде. Оған енді дайын болып келдік. Себебі ең ең ең жексұрын, сұмырай рөл бізге бұйырды бұл жолы.
Ал қыздардың байқауға тыңғылықты дайындалғанына қарап, әрқайсысы тәжден демелі екені анық.
Әсел Дәулетбаева, «Сезім бағы» реалити-шоуының қатысушысы:
– Кеше бастадым. Түнгі 11-ден таңғы 5-те аяқтадым. Барлығын қолмен тіктім.
Ұлжалғас Әбдіханова, «Сезім бағы» реалити-шоуының қатысушысы:
– Бұл образға мен 2 күндей уақытымды құрттым. Түн ұйқымды төрт бөліп кәдімгідей, таңғы 3-4 ке дейін ұйықтамадым. Енді еңбегім ақталса екен.
Алайда жеңімпазды анықтағанда қыздардың көйлек тігу үшін жұмсаған алтын уақыты мен қыруар қаржысы ғана ескерілмейді екен. «Бұл кезеңнің ең маңызды тұсы арулардың рухани байлығының көрінісі» дейді әділ қазы алқалары.
Айнұр Ілиясова, әділқазы алқасы:
– Бірінші ол жаңағы ниет. Өзінің ішкі философиясын көрсету, индивидуализмін көрсету және бұл қоғамға осы образбен не айтқым келеді? Деген сұраққа жауап беру меніңше.
Алайда қатысушы ару Әсел Дәулетбаева әділ қазы алқасының сынымен келіспейтін сыңайлы...
Әсел Дәулетбаева, «Сезім бағы» реалити-шоуының қатысушысы:
– Бірақ сәл мағынасын жеткізе алмадым деп ойлап тұрмын. Ақшаға бола адамдар суып кетті. Қазір жақын болсын, алыс уже қарамайды. Ақша болса дайын болып тұрады адамдар. Сондықтан мен накидқа артыңғы жаққа ақшаны қосқан себебім сол болды.
Jado, әділқазы алқасы:
– Мен өзім бағаға өте сондай сараңдаумын. Жадный деп жатады ғой енді. Әрине олар біздің қыздарымыздың фандары жекемізге шығып жатыр, айтып жатыр. Осылай бір жерлерде әділ болған жоқсыздар деп те ұрсып жатады.
Бақ шаба ма, бап шаба ма? Кімнің тәж киетіні болашақтың еншісінде. Айта кетейік, байқаудың финалы ертең өтеді. «Мисс Сезім Бағын» НТК арнасымен бірге анықтаңыз, көрермен!
2025 жылдың маусымы жағымды жаңалықтармен басталды! Жүргізушілік тізгін Айдай Исаеваға бұйырып, бірден көрерменнің көзайымына айналды.
Айдай Исаева, «Сезім бағы» реалити-шоуының жүргізушісі:
– Мен үшін әр күн есте қалатындай оқиға. Өйткені әркімнің тағдыры әртүрлі. Неше түрлі тағдырлас қатысушылар болады да. Сондықтан мен ойлайм әр күн естелікте қалдыратындай тарихи оқиғалар өте көп.
Биыл да махаббат алаңына өз бақытын іздеп келген жандардың саны көп болды. Нәтижесінде 5 жұп бір-бірін тауып, қарым-қатынастары тікелей эфирде бастау алды. Олардың ішінде көрерменнің фаворитіне айналған Мирас пен Бота.
Мирас Қанабек, «Сезім бағы» реалити-шоуының қатысушысы:
– Тойдың ауылы енді алыс емес деп ойлаймын. Қазіргі кезде менің өзімнің отбасыммен жаңағы әке-шешем өзімнің жақында туысқандармен ақылдасып жатыр. Өзім де тойжың әңгімесі қозғалған сайын кішкене ішім жылып сондай боп жатыр да негізі.
Ендеше 2026 жылы халық алдындағы жұптар отбасылық өмірге қадам басады деген үміттеміз!