Қарызға батқан Рүстем Жаныаманов енді комедия таспаламақ!

Сообщить о проблеме с эфиром

Рүстем Жаныаманов 2024 жылы киноиндустрияға продюсер ретінде аяқ басып, «Сен маған керексің» фильмін таспалаған еді. Бірақ өкінішке орай тырнақалды туындысы табысқа кенелтпеді. Керісінше шығынға батырған көрінеді.

Рүстем Жаныаманов, кинопродюсер, актер:

Әрине, оңай жол емес. Кино түсіріп, ақша тауып, байып кетемін деген қате ұғым. Ол жерде үлкен еңбек бар. Ол жерде бәрін санау керек екен. Бірақ, білегімізді түріп кіріскен ек. Құдайға шүкір жаптық.

 

Бірақ танымал мұнымен тоқтап қалмақ емес. Жақында тағы бір туындымен қуантамыз деп сүйіншілетті.

Рүстем Жаныаманов, кинопродюсер, актер:

Мен өз киномды жақында тағы бастамақпын. Оны көрерменге тағы айта кеткен жөн шығар. Тоқтамаймын, құдай қаласа тағы да бір әдемі туынды шығып қалады. Күзге қарай бастаймыз.

 

Кинопродюсер алғашқы картинасында фантастика, драма, боевик сынды бірнеше жанрды біріктіре түсірген еді. Ал бұл жолы комедияға тоқталған екен.

Рүстем Жаныаманов, кинопродюсер, актер:

Жанры шыны керек комедия жақын ғой халыққа. Әрі ойланып, бері ойланып, режиссерлермен сөйлесіп, ағалармен де сөйлестім деген сияқты. Бір түсінгенім - халыққа комедия ұнайды екен. Мың жерден драма түсір көреді иә, бірақ біз күліп жүргізіміз келеді екен. Мәз боп жүргенді қалайды екен халық.

 

Рүстем мырзаның шетелде жүргенін көрген оқырман жаңа туындысын түсіру үшін шекара асты деп болжауда.

Рүстем Жаныаманов, кинопродюсер, актер:

Мен бірден айтамын шетелде түсіру қиын. Осы түсірілімде көзім жетті. Мен өзім де мысалы Түркияға барып түстім, Фукуокқа барып түстім. Мен әзірге оны қолға алмайтын шығармын. Өзіміздің ауылда, қалада түсіреміз.

 

Актерлық каст таңдалған, режиссерді құпия ұстауды ұйғарды. Алайда басты рөлді кім сомдайтыны бекітілген.

Рүстем Жаныаманов, кинопродюсер, актер:

Өзім түсетін шығармын, өйткені балдәурен шақ қой. Ертең қартайымыз ойланамыз, тасада қалғымыз келмейді... Қазір ынта, жігер, фантазия барда түсіп қалу керек сияқты.

 

Ендеше сәттілік тілейміз. Шығынға батпай, қаржыға кенелесіз деп сенеміз.

Автор: Д. Қыдырбек